Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр
Шығыс Қазақстанда облысында екі көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 10 сәуірде «Өскемен-Самар» тасжолының 25-шақырымында болған. Ұлан ауданы аумағында Lada Largus пен Lada Granta маркалы автокөліктері соқтығысты.
«Жол апаты салдарынан екі адам сол жерде тіл тартпай кеткен. 3 адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Кейін оның бірі көз жұмды», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта полицейлер ҚР Қылмыстық Кодексiнің 345-бабы 4-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуының абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғуы) тергеу амалдарын жүргізуде. Тиісті сараптамалар тайындалған.
Оқи отырыңыз: Алматы – ортақ үйіміз: алматылық ақ халаттылар тазалық челленджін жариялады