Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккен 12 жастағы бала көз жұмды

Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккен 12 жастағы бала көз жұмды
Зардап шеккен тағы 3 баланың бірінің жағдайы ауыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шортанды кентінде газ баллоны жарылысынан зардап шеккен 12 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Өкінішке қарай, Ақмола облысының Шортанды ауылында газ баллоны жарылысы салдарынан зардап шеккен 2009 жылы туған бала 20 қараша күні кешке қайтыс болды. Айта кетейік, бала елордалық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Ол дереу реанимация бөліміне жатқызылды, себебі жағдайы өте ауыр болды. Дененің термиялық күйігі 70 пайыз болды. Сондай-ақ өте ауыр дәрежедегі күйік шогы да байқалды», деді Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер. 

Ведомстводан атап өткендей, барлық жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, жансақтау бөлімшесінде болған науқасты құтқару мүмкін болмады. 

«20 қарашада баланың жүрегі тоқтады. Жансақтау шаралар аясында жүрек қызметі қалпына келмеді. Сағат 21:00-де биологиялық өлім анықталды. Біз баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», деп толықтырды ведомстводан. 

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккен тағы үш баланың бірінің жағдайы ауыр. 

«Үш баланың бірінің денесі 60 пайыз күйік алған, жағдайы өте ауыр жансақтау бөлімшесінде жатыр. Өткен аптада тағы екеуі бейінді бөлімшеге ауыстырылды, онда барлық қажетті ем алып, дәрігерлердің бақылауында болады. Балалардың жағдайы тұрақты, динамикада нашарлаусыз», түйіндеді Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Новости партнеров