Мәйітті әріптесі тауып алған
Жаңаөзенде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының келісімшарт бойынша әскери қызметшісі асылып қалған жерінен табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожа lada.kz сайтына қайғылы оқиға Ұлттық ұланның 5548 әскери бөлімінің жатақханасында болғанын, 19 жастағы жігіт бөлмесінде белбеуге асылып қалғанын айтты. Мәйітті әріптесі тауып алған.
"Марқұм Ұлттық ұлан сапында 2021 жылдан бері қызмет етеді. Ол Ақтөбе облысынан келген. Байланыс маманы-сапер қызметін атқарған. Жігіт үйленбеген. Қайғылы оқиға туралы туыстарына хабарланды. Қазір барлығын нақтылап жатырмыз", - деді Ерлан Құтқожа.
Бұған дейін 2022 жылдың 11 желтоқсанында Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында ер адам үш баланы асып, артынан асылып өлгені туралы хабар қазақстандықтарды дүр сілкіндірген болатын.