Степногор маңында көлік аударылып, бір адам көз жұмды

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Сотқа дейінгі тергеу басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысының «Степногор-Заводской» тасжолында көлік аударылып, 36 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылы 24 қазанда күндізгі сағат 12:20 шамасында Степногор қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне «Степногор-Заводской» автожолының 6 шақырымында жол апаты болғаны хабарланған.

Анықталғандай, Заводской кенті бағытында жүріп келе жатқан Hyundai Accent автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылған.

«Салдарынан Степногор қаласының қалалық ауруханасына 36 жастағы жолаушы жеткізілді, ол сағат 21:10-да жансақтау бөлімінде көз жұмды. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі «жеңіл дәрежеде» мас күйінде болған. Тиісті сараптама тағайындалды»,– деді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-1 бабының 3-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Новости партнеров