Қарағанды облысындағы Саран шахтасында кенші қаза тапты

 Almaty.tv
Almaty.tv
Қазір жазатайым оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысындағы Саран шахтасында 57 жастағы кенші қайтыс болды. Тау-кен массасы опырылып, 1965 жылы туған Талғат Аяпбергенұлы астында қалып қойған. Қазір жазатайым оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Полиция тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларының бұзылуы, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы фактілері бойынша іс қозғады. Кәсіпорында арнайы құрылған комиссия тексеріс жұмыстарын бастап та кетті.

Еске салсақ, 2016 жылы дәл осы Саран шахтасында апат болып, соның салдарынан төрт адам қаза тапса, бес адам түрлі жарақат алған болатын.  

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің машинисті Талғат Бертагинмен болған жазатайым оқиға фактісі бойынша Қарағанды облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторының өкімімен арнайы тексеру жүргізу жөніндегі комиссия тағайындалды. Жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептері арнайы тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін айқындалады. Бұл туралы қосымша хабарланатын болады», - деді облыстық еңбек инспекциясының баспасөз хатшысы Айзада Жұмабекова.

Новости партнеров