Нұр-Сұлтанда ірі жол-көлік апатынан 7 көлік зақымданды

12.11.2021 19:49

Жол апаты салдарынан бірнеше адам зардап шеккен

Фото: ашық дереккөзден

Елорда көшелерінің бірінде бір мезетте 7 көлік соқтығысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Сағат 08.10 шамасында Mercedes автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі Бұхар жырау көшесінен Түркістан көшесі арқылы Орынбор көшесіне қарай жүріп келе жатып, тізгінге ие бола алмай, алдында тұрған алты көлікпен соқтығысуына себепкер болған. Соның салдарынан Mercedes автокөлігінің екпінінен жол бойында тұрған KIA Cerato автокөлігі жол жиегіне шығып кеткен», – делінген қалалық департаменттің баспасөз қызметі. 

Апат салдарынан бірнеше адам зардап шеккен. 

«Төрт жүргізуші мен бір жолаушы жарақат алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді қозғалыс кезінде барынша мұқият болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтау керек екенін ескертеді», – деді департамент өкілдері.