Талдықорғанда «жеңгетайлықпен» айналысты деген күдікпен қонақүй әкімшілері ұсталды

18.02.2019 19:49

20-38 жас аралығындағы он әйел ақшаға интимді қызмет көрсетіп келген

stan.kz

Талдықорған қаласында жергілікті қонақүйлердің бірінде құқық қорғау органдары жезөкшелікпен айналысатын притонды анықтап, жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Анықталған притондарда 20-38 жас аралығындағы он әйел ақшаға интимді қызмет көрсетіп келген. Жезөкшелікпен айналысты деп ұсталғандар полицияға жеткізіліп, профилактикалық есепке қойылды.

«Бұл қонақүйдің төрт әкімшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Күдіктілердің біреуі қамауға алынып, үшеуі қолхатпен жіберілді. Осы факті бойынша алдын ала тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабына сәйкес жүзеге асырылады», – делінген хабарламада.

Полиция заңбұзушылықтарды анықтаған қонақүйдің қызметі уақытша тоқтатылды. Қонақүйдің иесі де жауапқа тартылады.