|
17.05.2022 | 14:50
3395

Елордада балабақшалардың бірінен 4 бүлдіршін қашып кеткен

Құрылыс алаңында қараусыз жүрген балалардың видеосы әлеуметтік желіде тарады

Елордада балабақшалардың бірінен 4 бүлдіршін қашып кеткен

Елордада балабақшалардың бірінен 4 бүлдіршін қашып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Мемлекеттік мекеме жанында жүргізіліп жатқан құрылыс алаңында қараусыз жүрген балалардың видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын. Қалалық білім басқармасы хабарлағандай, аталған факті бойынша  балабақшада қызметтік тергеу жүргізілген. Ал балалардың жағдайы қанағаттанарлық, денесінде ешқандай жарақат жоқ.

«Төрт бүлдіршін серуендеу кезінде балабақша аумағынан қашып кеткені анықталды. Балалар қоршаудағы кішкене тесік арқылы өтіп кеткен. Қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарағандары үшін тәрбиеші мен шаруашылық бөлімінің меңгерушісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Балабақша меңгерушісіне қатысты материалдар жинақталып, Білім басқармасының тәртіптік комиссиясының отырысында қаралатын болады», – деді Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир