Жаңаөзеннен 40 шақырым жерде орналасқан өндіріс ошағында өрт шығып, 1 адам қаза болды
Facebook/Нұрымұлы Нұрсұлтан
Оқиға орнына 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жаңаөзеннен 40 шақырым жерде орналасқан өндіріс ошағында өрт шығып, 1 адам қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Өзенмұнайгаз» Акционерлік қоғамы аумағында болған апаттың себебі әлі де беймәлім. Оқиға орнына 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылған. Мамандар апат орыннан ер адамның денесін тапқан.
«Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының оқиға орнындағы жұмысы барысында С. есімді азаматтың мәйіті табылды. Кейіннен оның 1977 жылы туған азамат екені анықталды. Қазір аталған апаттың мән-жайы мен себебі анықталып жатыр», – деді Жаңаөзен қаласы ТЖБ аға инженері Бекзат Килжанов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51