Өскеменде ер адам бұрын бірге тұрған әйелді тонап кетті
inform.kz
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өскеменде ер адам бұрын бірге тұрған әйелді тонап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Өскемен қ.ПБ Ертіс ПБ «102» жедел арнасына 25 жастағы қыз жүгінді. Ол кешкі уақытта қала дәмханаларының алдынан өтіп бара жатып, онымен бұрын бірге тұрған ер азамат күш көрсетіп, сөмкесін иемденіп алғанын хабарлаған. Сөмкеде жеке куәлік, несие картасы, кілттер жиынтығы және ақша қаражаты болғанын хабарлады.
Шығын 90 мың теңгені құрады. «Қыран-51» ПА нарядымен «ізін суытпай» 35 жастағы ер адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Қазігі уақытта қылмысқа бару себептері анықталуда. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
24.09.2026 08:45
24 қыркүйекке арналған валюта бағамы
24.09.2026 07:50
Болашаққа ұмтылған Алматы: жаңа орталықтар мен инфрақұрылым
24.09.2026 18:36
Астанада Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы ашылды
24.09.2026 11:11
Ақылы жолда ақшаны қалай үнемдеуге болады
25.09.2026 14:37