Дәрігердің қорытындысында 14, 12, 10 жастағы қыздардың бәрі пәк емес екені жазылған
Ақтауда көпбалалы отбасында өсіп жатқан қыздармен болған оқиға көпшіліктің жағасын ұстатты. Әкесі серігімен бірге туған қыздарын зорлап келген. Бұл туралы жергілікті «Мейірімділер клубының» еріктілері жайып салды. Бүгінгі таңда оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Қаңтары айының соңында көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққан. Абырой болғанда, көз жұмған ешкім жоқ. Алайда, тұрғындар бар мүлкінен айырылып, баспанаға мұқтаж болып қалған. Сол кезде еріктілер өрттен зардап шеккендерге көмектесіп, көпбалалы анамен сұхбаттасқанда, ол өзіне материалдық көмектің керек емесін, тек 14, 12 және 10 жастағы қыздарына психологиялық көмек қажет екенін айтыпты. Артынша анықталғандай, қыздар осы уақытқа дейін зорлық көріп келген. Қыздардың кішісі бала кезінен мүгедек көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл отбасында болып жатқан сұмдық жайт туралы көршілері мен мектептегілер білген. Алайда, оларға көмектесу үшін ешқандай шара қолданбапты.
Белгілі болғандай, қыздардың анасы 13 жасында жетім қалған. Оны ата-анасының құрбысы асырап алыпты. Ол әйелдің 26 жастағы ұлы болған.
«Мұнан соң жігіт жасөспірім қызды зорлап тастаған. Ол 14 жасында үлкен қызын босанды. 16 жасында тағы бір қызын өмірге әкелген. Артынша ол басқа еркеке кетіп қалып, одан жарымжан қызын босанады. Осыдан кейін екі қызының әкесіне қайтып оралып, тағы бір ұлды болады. Содан соң 4 баласын қалдырып, әйел тағы кетіп қалған. Тек жақында ғана балаларын өзіне алды», – делінген басылымда.
Мұнан кейін қыздары анасына әкесінің өздерін бірнеше рет зорлағанын айтқан. Қыздарды олардың әкесінің пәтерін жалдап тұрып жатқан жігіт те зорлаған екен.
Сол кезде қыздардың анасына клубтың еріктілері көмекке келіп, қыздарды клиникаға апарып тексертуді ұсынады.
«Дәрігердің қорытындысында 14, 12, 10 жастағы қыздардың бәрінің пәк емес екені жазылған. Үлкені алғаш рет 9 жасында зорланған. Ал кішісі 2018 жылдың желтоқсан айында зорлық көріпті. Олардың жыныс мүшесі мен артқы жағы зақымдалған», – дейді қыздардың анасы.
Өз сөзінде 14 және 12 жастағы қыздар өздерін әкесі зорлағанын айтып отыр. Ал кішісі өзін пәтер жалдап тұрған жігіттің зорлағанын айтты.
Көпбалалы ана дәрігердің қорытындысын алып, полицияға шағымданғанда, оған қысым көрсетілген екен.
«Бастапқыда олар арызды қабылдағысы келмеді. Мұнан кейін жекеменшік клиника дәрігерінің қорытындысы дәлел бола алмайтынын, себебі дәрігерге ақша беріп, өтірік анықтама жазғызып аллуы мүмкін екенін айтқан. Осыдан кейін кабинетте 8-ге жуық тәртіп сақшысы жиналып, қыздардың үлкеніне қысым көрсетіп, жөнсіз сұрақтап қоя бастаған. Соның салдарынан қыз одан сайын тұйықталып қалды», – дейді жәбірленген қыздардың анасы.
Ал еріктелер оқиғаға қатысты ақпарат жинамақ болғанда, қыздардың әкесінің көршілері оның балаларын аш ұстап, ұрып-соғып, зорлағанын айтып берген. Қыздар оқып жатқан мектептегілер де отбасында болып жатқан сұмдық жайтты білген екен. Алайда, араласпауды жөн көріпті.
Sputnik Қазақстан мәліметінше, бүгінгі таңда полициядағылар әйелдің арызын қабылдаған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.