Денесінің 50-55% күйіп қалған
Атырауда үстіне ыстық сорпа төгіп алған бала көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ATPress.kz-ке сілтеме жасап.
"Бала денесінің 50-55% күйіп қалған. Оның жағдайы өте ауыр болды. Біз барлық уақытта астанадағы мамандармен байланыста болып, қажетті емін жасадық. Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады", - дейді травматология бөлімінің меңгерушісі Сергей Хван.
Осы ретте, Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі науқастарды күйік орталығы бар Нұр-Сұлтан қаласына жібере алмайтындығына алаңдаулы.
"Астаналық аурухананың қалалық мәртебесі болса да, онда барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған бөлімше бар. Біздің дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасайды, дегенмен біздің бөлімде кейбір қажетті жабдықтар жоқ. Ауыр науқастарға кейде шамамыз келмейді. Елордадағы күйік орталығында жағдай жақсы, ауыр науқастарға шұғыл көмектесе алады. Біз олардың дәрігерлерімен пациенттерін сол жерге бағыттау үшін келіссөздер жүргізуге тырыстық, бірақ нәтиже болмады. Себебі олардың аурухана мәртебесі науқастарды өңірлерден қабылдауға мүмкіндік бермейді. Бұл проблема барлық өңірлерде бар, сондықтан оны министрлік деңгейінде шешу керек", - дейді Сергей Хван.