Таразда жүргізуші 4 адамды қағып кетті: екеуі қаза тапты

NUR KZ
NUR KZ
Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда жантүршігерлік жол апаты орын алды. Қаланың орталық көшелерінің бірінде жүйіткіген көлік, аялдамада тұрған 4  тұрғынды қағып, бірін жаншып өткен. Қаза болғандар бар, деп хабарлайды Almaty.tv

Оқиға таңғы сағат 6:50-лер шамасында болған. Зардап шеккендердің екеуі жедел жәрдем бригадасы жеткенше жан тәсілім еткен. Олардың бірінің жасы 40-45 тер шамасында болса екіншісі 60-тан асқан әйел. Ал, ауруханаға жедел жеткізілген 28 жастағы азаматша ем қабылдап үйіне шығарылған. 53 жастағы зардап шегушінің жағдайы нашар.

«1968 жылғы науқасымыз жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр. Оның 5 қабырғасы сынған және де миы шайқалған. Төменгі жақ сүйегі сынған. Екі тізесіндегі шеміршектерінің бәрі үзілген. Қазіргі жағдайы өте ауыр. Бірақ барлық көмекті аямай жасап жатырмыз», – деді Қалалық көпбейінді аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.

Аталған іске байланысты қылмыстық іс қоғалған. Алдын ала мәлімет бойынша, қаққан жүргізуші – 23 жастағы жігіт. Ол көлікті басқару кезінде ұйықтап кеткен болуы мүмкін.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлерімен жоғарыда аталған көлік жүргізушісі 23 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды», – деді Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Бахыт Ратаев.

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалған.

Мерей Бает «Алматы» телеарнасы