Қарағандыда жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті

03.02.2022 00:03

«Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметінің мәліметінше, құрамның ішінде бидай болған

Қарағандыда жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметінің мәліметінше, құрамның ішінде бидай болған. Вагонның бүйір жақтауы сынып кеткен. Баспасөз өкілі қазір Жамбыл бөлімшесі учаскесінде пойыздардың біржолды қозғалысы қалпына келтірілді деді. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.  

«Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің бойын Сары-Шаған станциясында бір жолдан пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасуда. 1 ақпанда сағат 13.55-те жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып кеткен болатын.Апат орнында Сары-Шаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр», - деді «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің менеджері Мәди Мұхамедқали.