Ол құрылысы аяқталмаған ғимараттың төбесіне жасөспірімдерді қауіптен қору үшін көтерілген
Алматыда көпқабатты тұрғын үйден полиция қызметкері құлап ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалалық полиция департаментінің ақпарынша тәртіп сақшысы құрылысы аяқталмаған ғимараттың төбесіне жасөспірімдерді қауіптен қору үшін көтерілген. Қазір полицейдің жағдайы ауыр, ол жан сақтау бөлімінде жатыр.