Шымкентте сыныптасын зорлаған 17 жастағы екі жігіт сотталды

19.08.2019 19:52

Зорланған қыз өзіне қол салмақ болған

Шымкентте 17 жастағы екі жасөспірім сыныптас қыздарын зорлап, видеоға түсіргені үшін сотталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қылмыскерлер зардап шегушіден ақша талап еткен. Егер, талапты орындамаса видеоны әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді таратамыз деп қорқытқан. Зорланған қыз суицид жасамақшы болған. Қуанышқа қарай, оны құтқарып қалған.

Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі жігітке үкім шықты. Екі айыпталушы да зорлау және бопсалау бойынша кінәлі деп танылды.

Алайда, сот кәмелет жасына толмағандарына байланысты оларды бес жылға бас бостандығынан айырған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Теги: қыз