Атырауда 47 жастағы ер адам суға батты
Фото: ашық дереккөзден
Сүңгуірлер судан сағат 19:15-те суға жігіттің денесін алып шыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырауда 47 жастағы ер адам Жайыққа батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға сағат 18:55 шамасында болған.
«Атырау қаласына таяу орналасқан Рыбник саяжайына бір адам демалуға келген. Олар Жайық жағалауына барып, суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған. Суға түскендердің бірі – 1974 жылы туған азамат батып кетті», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына келіп, іздестіру-құтқару жұмысын жүргізді. Сүңгуірлер судан сағат 19:15-те суға жігіттің денесін алып шыққан.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
07.11.2026 09:20
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01