Қазақ салмағы: Абылайхан Жүсіпов жарысты жүлдесіз аяқтады

Қазақ салмағы: Абылайхан Жүсіпов жарысты жүлдесіз аяқтады
69 келіге дейінгі салмақта сынға түкен Абылайхан Жүсіпов бірінші кездесуінде америкалық боксшы Джонсон Деланттан жеңіліп қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бокстан Қазақстан командасы Токиодағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. 69 келідегі Абылайхан Жүсіпов бірінші айналымнан аса алған жоқ. Жарысты жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

69 келіге дейінгі салмақта сынға түкен Абылайхан Жүсіпов бірінші кездесуінде америкалық боксшы Джонсон Деланттан жеңіліп қалды. Төрешілер 1:4 есебімен жеңісті АҚШ құрамасының боксшысына берді.

Қазақстан командасы бірнеше жыл қатарынан алтын алған 69 келі салмақта бұл жолы жүлдесіз қалып отыр. Сиднейде Ермахан Ыбырайымов 71 келіде чемпион атанды. Кейін бұл салмақ 69 келіге ауыстырылып, Афины Олимпиадасында Бақтияр Артаев, Бейжің Олимпиадасында Бақыт Сәрсекбаев, Лондон Олимпиадасында Серік Сәпиев, Рио ойындарында Данияр Елеусінов дәл осы салмақта топ жарып, алтын алған болатын.

Новости партнеров