Атырауда 47 жастағы ер адам суға батты

27.07.2021 в 19:53

Сүңгуірлер судан сағат 19:15-те суға жігіттің денесін алып шыққан

Фото: ашық дереккөзден

Атырауда 47 жастағы ер адам Жайыққа батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға сағат 18:55 шамасында болған. 

«Атырау қаласына таяу орналасқан Рыбник саяжайына бір адам демалуға келген. Олар Жайық жағалауына барып, суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған. Суға түскендердің бірі – 1974 жылы туған азамат батып кетті», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына келіп, іздестіру-құтқару жұмысын жүргізді. Сүңгуірлер судан сағат 19:15-те суға жігіттің денесін алып шыққан.