|
16.02.2021 | 17:25
5110

Шымкентте әскери қызметкер зорлық құрбаны бола жаздаған қызды құтқарып қалды

Оқиға 13 ақпанда орын алған

Шымкентте әскери қызметкер зорлық құрбаны бола жаздаған қызды құтқарып қалды zakon.kz

Шымкентте әскери қызметкер зорлық құрбаны бола жаздаған қызды құтқарып қалды. Оқиға 13 ақпанда орын алған. Қатардағы жауынгер Артем Калашников үйіне қайтып бара жатып, көмекке шақырған қыздың дауысын естиді. Іле-шала айқай шыққан жаққа барғанда екі еркектің азғындық әрекетін көріпті. Жағдайды осылай деп баяндаған жауынгер өз ісін азаматтық борышқа балап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шымкенттік Артем Калашников осыдан бірер күн бұрын бойжеткенді зорлықтан арашалап қалған. Көмекке мұқтаж адамға қол ұшын беруді азаматтық борышым деген ол 13 ақпан түнгі сағат 00.00-де болған сұмдықты тағы да еске алды.

«Мұның бәрі дәл осы жерде болды. Анықтама нүктесі – бұл көк жәшік. Міне, осы жерде олар қызды шешіндірмек болып еді, бірақ мен келген уақытта тоқтап қалды. Міне, осы жерде іздер тіркелген. Бірінші адамды дәл осы жерге құлаттым, ал екінші жігіт сол жаққа қарай жүгірді. Дәл сол уақытта оның артынан жүгірудің мәні болмады. Содан кейін біз тротуарға шықтық. Қарасаныздар, ол жерде, тіпті, кірдің іздері қалды», – деді әскери қызметкер Артем Калашников.


Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінің қызметкері сол күні үйіне алаңсыз келе жатқанқанын айтады. Бір сәтте көмек сұраған ащы дауысты естіп, айғай шыққан жаққа бұрылыпты. Осылайша азғындықтың куәсі болған ол еш ойланбай төбелеске көшкен. Артемнің сөзінше, бұл батырлыққа жатпайды.

«Негізі бұл біздің жұмыс. Зорлық емес, анашамен ұстаймыз адамдарды. Біз күнде ұстаймыз. Нашақорлық пен мас адамдарды ұстаймыз. Мен көп мас адамдарды көрдім. Ол кейін пышақ алып далаға шығуы мүмкін», – деді әскери қызметкер Артем Калашников.

Абырой болғанда азғындар қолына түскен қыз дін аман. 21 жастағы бойжеткен әлі де үрей үстінде. Ал, оны құтқарған жауынгердің қолы сынған. Жарақатты байқаған жоқпын деген әскери қызметкер қолындағы әлсіздікті бірер сағаттан соң білген. Шаһардағы бұл сұмдыққа байланысты қазір тергеп тексеру жұмыстары басталды.

«Жергілікті тұрғынның оны белгісіз адамдар тонаған және зорламақшы болғаны  туралы арызы бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің  191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы және 24-бабының 3-бөлігі - 120-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізуде», – деді Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкері Ержан Пайызбеков.

Айта кетейік, азғындардың екеуі де 30-дан асқан азаматтар. Әзірге олардың біреуі ғана тергеуде. Екіншісі оқиға орнынан сытылып кеткен. Қашқынды іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир