Қызметкерлер үш жасар бала мен бір айлық нәрестені құтқарды
Көкшетауда ата-анасы қараусыз қалдырған екі бала шұғыл жағдайда құтқарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар үш жасар бала мен бір айлық нәрестені құтқарды.
- Үш жасар бала бір айлық баламен ата-анасының қарауынсыз қалып, есікті ішінен жауып алған. Көкшетаулық құтқарушылар пәтерге еш залалсыз кіріп, есікті ашты, - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз:Сәтбаев қаласындағы ойын алаңдары балалар үшін қауіпті