Алматыдан 342 км қашықтықта жер сілкінісі болды

11.10.2022 20:00

Сезілуі туралы дерек жоқ

Ашық дереккөзден

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 11 қазан күні 12 сағат 55 минут 51 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-швғвсқа қарай 342 км қашықтықта, Қытай аумағында жатыр. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.1. Магнитудасы MPV 4.3. Ошағының бағыты 42.06° с.е. 80.78° ш.б. Тереңдігі 5 км. Сезілуі туралы дерек жоқ», - делінген хабарламада.