«Қазақстан» шахтасында үшінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Үшінші кеншінің денесі табылды. Қазіргі кезде анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Марқұмның әріптестері, компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қайтыс болған жолдастың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы.
Компания қаза тапқан кеншілердің отбасына жан-жақты қолдау көрсетінін мәлімдеді.
Көмекке мыналар кіреді:
-
жерлеуге байланысты шығындарды жабу;
-
қайтыс болған жұмысшылардың 10 жылдық жалақысы мөлшерінде отбасына біржолғы төлем;
-
18 жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы сақтандыру төлемі (бала студент болса, 23 жасқа дейін);
-
23 жасқа толмаған балалардың алғашқы күндізгі оқу нысанындағы оқуына және оған байланысты барлық шығыстарға ақы төлеу;
-
жоқ адамдарға тұрғын үй сатып алу немесе ол үшін біржолғы өтемақы;
-
қолданыстағы тұрғын үйді жөндеуге ақы төлеу;
-
ипотекалық төлемдердің белгілі бір бөлігін жабу;
-
серіктестік кәсіпорындарында әйелдер мен балаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
-
әйелдер мен балаларға арналған санаторийлер мен балалар лагерлеріне жыл сайынғы жолдамалар.
Еске сала кетейік, 17 тамызда «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнының «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртенді.