Арнольд Шварцнеггер жол апатына ұшырады

22.01.2022 19:55

Екінші көлікте отырған әйел ауруханаға түсті

Фото: ашық дереккөзден


Америкалық актер, саясаткер Арнольд Шварценеггер жол апатына ұшырады. Екінші көлікте отырған әйел ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Арнольд Yukon жол талғамайтын көлігімен келе жатқанда қызыл Prius-пен соқтығысқан... Оның жол талғамайтын көлігі аударылып, Prius көлігінің төбесіне түскен", - делінген хабарламада.  

Куәгерлердің айтуынша, қақтығыстың қатты болғаны сонша, Yukon-де қауіпсіздік жастықтары қосалған.

Prius көлігіндегі әйел ауруханаға түсті.

"Бізге Арнольдтің жағдайы жақсы екені хабарланды", - деді TMZ.