Павлодарда аула ішінде автокөлік өртеніп кетті

pavlodarnews.kz
pavlodarnews.kz
Өрттің шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда аула ішінде автокөлік өртеніп кетті. Оқиға Мәшһүр Жүсіп көшесі, 13 мекенжайында болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.  

Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабар бүгін, 28 қараша күні сағат 08:22-де келіп түскен.

«Ашық алаңда 1995 жылы шыққан Volkswagen Passat маркалы автокөлік толығымен жанып кетті. Өрт 4 шаршы метр аумақты қамтыды. Сағат 08:43-те толығымен сөндірілді», - деді департаментте.

Ведомтвоның хабарлауынша, көлік иесі 1987 жылғы азамат. Көлікте ұнтақты өрт сөндіргіш құрал болған, бірақ қолданылмаған.

Өрттің шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Шығын есептеліп жатыр.

Оқиға орнына 1 техника мен 6 қызметкер жұмылдырылды.

Новости партнеров