Алакөлде мас адам 7 жасар қызды таспен ұрып, жарақаттады
Sputnik Кыргызстан
Жеткіншек Алматы облыстық балалар ауруханасына жатқызылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алакөл жағалауында белгісіз ер адам бүтін бір отбасы отырған көлікке тас лақтырып, 7 жастағы қызды жарақаттаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жеткіншек Алматы облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Ал күдікті Жаркент қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол бұл әрекетін мас күйде жасағанын айтты.
«Ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Өз айғақтарында күдікті мас күйінде болғанын түсіндірді. Іс-жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайдильдин.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45