Желіде оның екі рет сәтті секірген видеосы бар
Марқұм Евгения Леонтьеваның туысы секіру талоны оның 33 жасына арналған сыйлық болғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Бірақ бұл сыйлықты кім жасағанын айтпады.
«4 қазанда Женяның туған күні болды, ол 33-ке толды. Артында үш баласы қалды: екеуі – өз баласы, біреуі – күйеуінің қамқорлыққа алған жиені. Өмірге құштар, мейірімді жан еді, балаларымен демалысқа барды. Үйде отырғанда, ештеңе істемегенде, бұл қайғылы жағдай болмас еді. Ол дүкендер желісінде жұмыс істейтін. Бұған дейін екі рет секірді, бәрі жақсы болған, бірақ біз оны енді қайтып секірмеуге көндіріп көрмек болдық. Алайда ол «Секірген соң қайта туғандай боласың» дейтін», – дейді Марина.
Желіде оның екі рет сәтті секірген видеосы бар.
Ол секіруге сертификат берген адамды кінәламайтынын және оның атын жарияламайтынын айтты.
«Ұйымдастырушыларды білмеймін, «Fly» компаниясы деп естідім, бірақ ол жерден ешкімді танымаймын. Негізі, басқа жерден секіру керек еді, бірақ кейіннен «Совзвездие» қонақүйіне ауыстырды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ақпаратты жарияламау туралы қағазға қол қойдық, басқа ештеңе айта алмаймын», – деді туысы.
Қарағандыда секіруді ұйымдастыратын компанияның ұйымдастырушыларының бірі Ресей азаматы екені белгілі болды және жақын танысының айтуынша, ол қазір көрші мемлекетте жүр.
Еске салайық, ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.