«Шыда, бауырым!»: карантин кезінде астаналықтар бір-біріне қалай көмектесуде

26.03.2020 19:55

«Мұқтаж жандарға көмектесейік...» деген тұрғындар қоржынға ең қажетті азық пен антисептик заттарын салған

Фото: ашық дереккөз

«Шыда, бауырым!» Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары осындай жазуы бар қағаздарды Есіл өзенінің бойына іліп, азық-түлігі бар пакеттерді мұқтаж жандарға арнап қойып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мұқтаж жандарға көмектесейік...» деген тұрғындар қоржынға ең қажетті азық пен антисептик заттарын салған. Мұндай суреттер әлеуметтік желілердің бірінде пайда болды. Осындай әрекет арқылы халықтың үйсіз, күйсіз жүрген жандарға бейжай қарамайтынын байқауға болады.