Талдықорғанда қазандықта жарылыс болды

11.01.2023 19:55

Instagram парақшасында жарылыс орнында түсірілген видео жарияланды

ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы қазандықтардың бірінде болған жарылыс туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Instagram парақшасында жарылыс орнында түсірілген видео жарияланды.

«Талдықорғанда қазандықтың жарылуы. 2 шағын аудан», – делінген видеода.

Кадрларда терезелері қираған ғимаратты байқауға болады.

«Бір сағат ішінде барлығы қалпына келеді, резервтік нұсқа бар», – деп мәлімдеді әкімдік.