Балқаштағы мұз үстінде қалған балықшылар құтқарылды

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Осы оқиғаға байланысты ТЖМ ескерту жасайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

12 қаңтарда сағат 17:00-де Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Балқаш көліндегі мұз айдынында 3 балықшы қалып қойғаны туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сағат 20:30-да жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мұз айдынына жетіп, 3 балықшыны қайық бортына салып алып, жағаға жеткізді. Сонымен қатар жолда құтқарушылар мұздың жарылуына байланысты жағаға жете алмай қалған тағы бір балықшыны тауып алды.

Осы оқиғаға байланысты ТЖМ ескерту жасайды: 

- өтуге арналған мұздың қауіпсіз қалыңдығы кем дегенде 10 см болуы керек;

- қардың қалың қабатымен жабылған қауіпті жерлерді айналып өту керек;

- бұрын жүрген жолдарды пайдалану керек;

- мұз үстінен топпен өту кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықта жүру керек;

балық аулау кезінде шектеулі аумақта бірнеше тесік тесіп, үлкен топ болып жиналуға болмайды;

әр балықшының жеке құтқару құралы (жилет, белбеу және т.б.) болуы қажет.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысының тұрғындарына ескерту жасалды

Новости партнеров