Елімізде 185 тұрғын үй, мен 78 саяжай су астында қалды

06.04.2022 в 19:56

Апатты-құтқару жұмыстарына 2,5 мың адам жұмылдырылған

Еліміздің төрт аймағында 185 тұрғын үй, 78 саяжай мен 2 әлеуметтік нысан су астында қалды. Бұл төтенше жағдай министрлігі жариялаған соңғы мәлімет, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында 63 саяжай учаскесінен суды сорғымен тартып шығарды. Қардың еруінен республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар 30 автомобиль трассасы, бірден 5 аймақта көпір шайылды.

Су тарту жұмыстары мен инертті материалдары бар қаптарды төсеу жалғасуда. Апатты-құтқару жұмыстарына 2,5 мың адам жұмылдырылған.

Теги: су басу ТЖД