Теміртауда той қонақтары егістік алқабы арқылы қашқан

11.08.2021 в 19:56

9 тамыз Металлургов даңғылындағы Grand Hall мейрамханасында той өтіп жатқанын байқаған жергілікті халық полицияға хабарлаған

Қазақстандықтар пандемияға қарамастан той тойлауды доғарар емес. Карантин шараларын бұзудың тағы бір дерегі Теміртау қаласында анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv

9 тамыз Металлургов даңғылындағы Grand Hall мейрамханасында той өтіп жатқанын байқаған жергілікті халық полицияға хабарлаған. Бірден көрсетілген мекенжайға бақылау тобының мүшелері келгенде, нысан әкімшілігі инспекторларды ішкі кіргізуден бас тартыпты. Оған қоса, қонақтарды жертөле арқылы сыртқа шығарған. Алайда, куәгерлер меймандардың кең далада тәртіп сақшыларынан тығылып, қашып бара жатқан сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған. Бұл жағдайды Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі растап отыр. Ал,  мейрамхана иесіне 670 мың 910 теңге көлемінде айыппұл салынған.