Арнайы операция бірнеше облыс аумағында жүргізіледі
Қазақстанда ірі ұйымдасқан қылмыстық топтарды (ҰҚТ) ауқымды түрде тұтқындау басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Бас прокуратураның келісімімен еліміздің бірнеше өңірінде тұтқындау шарасын жүргізіп жатыр.
- Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында ұстау шаралары бір мезгілде өтуде. Оқиғаға Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің күштері мен құралдары, сонымен қатар екі ведомствоның арнайы бөлімшелері мен техникасы жұмылған, - делінген хабарламада.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ұсталған қылмыстық топтар Қазақстанның Қырғызстанмен, Қытаймен және Өзбекстанмен шекаралас облыстарында, сәйкесінше Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында заңсыз әрекеттер жасаған.
Оқи отырыңыз: Биыл қанша қытайлық елден шығарылды – ІІМ