Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 574 шақырым жердегі Қазақстан аумағында орналасқан
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмикалық стансалар желісі 4 шілде күні 13 сағат 51 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 574 шақырым жердегі Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.7. Mагнитудасы - 4,6. Тереңдігі - 10км. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ», - делінген хабарламада.