Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мәлімдеді
Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқыс оқиға Алматы-2 теміржол стансасында болған.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының дерегінше, рейске шығатын пойыздарды тексеретін техникалық паркте жүріп келе жатқан вагонның 2 дөңгелегі бірдей шығып кеткен.
Пойызда жолаушылар болмаған, зардап шеккендер жоқ.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Оқи отырыңыз: Алматы тауларында адасып кеткен Грекия азаматы құтқарылды