Ақмола облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады

06.02.2024 19:58

Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты

Almaty.tv

Ақмола облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады. Салдарынан бір адам қаза тауып, 15  жолаушы ауруханаға жеткізілген. Оның сегізі – бала, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға Көкшетау-Атбасар тасжолында болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, автобус тізгіншісі алда келе жатқан қар күреу техникасын басып озамын деп қарсы бетке шығып кеткен. Кейін рөлге ие бола алмай, жеңіл көлікке соқтығысқан. Оның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

– Он бес жолаушы, оның ішінде балалар дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды, – деді Полиция департаментінің өкілі Әлия Билялова.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда 12 жастағы баланы көлік қағып кетті