Жалын бес сағаттан соң сөндірілген
Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласында логистикалық қойманың құрылыс алаңында болған өрт салдарынан екі отандасымыз қаза тапты. Апат салдарынан жалпы 38 адам опат болған. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір оқиға болған жерде әлі де іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Біздің Сеулдегі дипломаттар жергілікті билікпен байланыс орнатып, екі отандасымыздың кім екенін анықтап жатыр.
Оңтүстік Кореяда құрылыстағы өрт құрбандарының саны 36-ға жетті