Қазір осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған
Риддер қаласының 46 жастағы тұрғынынан қару-жарақтың бірнеше түрі мен оқ-дәрілер тәркіленді. Күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шығыс Қазақстан облысының полициясы қазір күдіктінің қаруларды қайдан алғанын және не мақсатпен сақтап, ұстағанын тексеріп жатыр. Азаматтың үйінен автоматтар, тапаншалар, оқу-жаттығуға қолданатын граната мен екі пневматикалық қару табылған.
Қазір осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.
«Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның санкциялары 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», - деді ШҚО ПД Криминалды полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіғалиев.