Видео әлеуметтік желіде тарап жатыр
Ағысы қатты каналда суға ағып бара жатқан жеткіншекті құтқарған азаматтардың өздері судан шыға алмай қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Видео кешеден бері әлеуметтік желіде тарап жатыр. Онда құтқарушының формасын киген жігіттер арық бойымен жүгіріп бір баланы судан шығарып алады. Ал серіктесін құтқарамын деп арыққа секірген азаматтың да ағып кеткені бейнеге түсіп қалған.
Жағдайға қатысты еліміздің ТЖМ оқиға Қазақстанда болмағанын айтты. Ал, оның қайда түсірілгені және суға кеткен жігіттердің аман қалған, қалмағаны жайлы ақпарат әзірге жоқ.