Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірген сәт видеоға түсіп қалды

15.01.2020 19:59

Қатты соққыдан жаяу жүргінші ұшып түскен

14 қаңтар күні түстен кейін Ақтау қаласының орталығында жаяу жүргіншілер жолында ер адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Лада-ға сілтеме жасап.

Оқиға 11 шағынауданда, «Заман» сауда үйіне қарама-қарсы жерде болды. 1968 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Жаяу жүргінші қағып кеткен көліктің жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды, автокөлік айып тұрағына жіберілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жаяу жүргіншілер өткелінде ер адамды қаққан сәт қарсы келе жатқан көліктің бейнетіркеуішіне түсіп қалған. Видеодан Lada маркалы көліктің жолдан өтіп бара жатқан жүргіншіні қағып кеткені көрінеді.

Жүргізуші «зебраның» алдында көліктер тоқтап тұрғандықтан ер адамды байқамай, бар жылдамдықпен қағып өткен. Қатты соққыдан жаяу жүргінші ұшып түскен, ал Lada салонында қауіпсіздік жастығы іске қосылды.