БҚО-да дәрі-дәрмек тиелген көлік өртеніп кетті

17.11.2021 20:48

Көлік жеке кәсіпкерге тиесілі

Фото: Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті

Орал – Атырау тасжолында «ГАЗель» көлігі өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, көлік Ақжайық ауданы аумағында Самал елдімекенінің жанында өртенген.

«Өрт түнгі 01.15-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен кінәлілер анықталып жатыр. Өртті сөндіруге бір техника мен бес өрт сөндіруші жұмылдырылды», – делінген хабарламада.

Көлік жеке кәсіпкерге тиесілі. Оның ішінде медициналық препараттар болған.

Өрт болған жерде полиция қызметкерлері де жұмыс істеді.

Толық көрсету
Теги: БҚО