Үш науқас нейробокс бөлімшесінде ем қабылдауда
Қарағанды облысындағы медициналық-әлеуметтік орталықта жаппай уланған 6 баланың жағдайы ауыр. Олар жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы 3 науқас нейробокс бөлімшесінде ем қабылдауда. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айта кетейік, Қарағанды облысындағы медициналық-әлеуметтік мекемеде 14 бала уланып, бірі көз жұмған еді. Науқастардың неден ұшынғаны әлі белгісіз. Тиісті сараптама тағайындалған. Сондай-ақ, еліміздің Бас прокуратурасы өңірдегі жағдайдан кейін барлық арнайы орталықтардың тексерілетінін мәлімдеген еді.