Полицейлер кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтап жатыр
Әлеуметтік желіде Ақтаудағы тұрғын үй кешенінің төбесінде балалардың жүгіріп келе жатқаны түсірілген видео тарап жатыр. Полицейлер кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"23 мамыр күні сағат 19:45-те «102» кезекші бөліміне 17-шағынаудандағы «Green Park» тұрғын үй кешенінің төбесінде балалардың жүргені туралы хабарлама түскен. Ювеналды полицейлер қоңырауға жауап берді, бірақ тексеру кезінде шатырда ешкім болмаған", - деді Маңғыстау облысының Полиция департаменті.