Атыс салдарынан бес адам қаза тапты

08.04.2021 20:01

Оқиға бойынша тергеу амалдары жалғастып жатыр

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы Рок-Хилл қаласында болған атыс салдарынан кем дегенде бес адам, соның ішінде екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сәрсенбінің кешінде тұрғын үйде бірнеше адамның мерт болғаны туралы хабар алған соң, бірден оқиға орнына шықты. Оқ жарақатын алып қаза тапқан бес адамның денесі табылды, соның ішінде егде жастағы ер адам мен әйел, олардың немерелері және үйлерінде қызмет еткен ер адам болған. Оқиға бойынша тергеу амалдары жалғастып жатыр. 

Йорк округі полициясының Twitter-дегі парақшасында қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамның оқиға орнына жақын маңдағы үйлердің бірінен табылғаны хабарланды. Оның ары қарай тағдыры не болатыны жайында ақпарат берілген жоқ.