Майқайың кентінде құбырдан ақау шықты

21.02.2024 в 20:01

Құбырдың неден бұзылғаны анықталған жоқ

Баянауыл ауданы Майқайың кентінде суық сумен жабдықтайтын құбырдан ақау шықты. Бұл аймақ «Екібастұз қалалық су арнасы» мемлекеттік коммуналды кәсіпорнына тиесілі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құбырдағы зақым екінші көтергіш сорғысынан 27 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазір аталған кентте жедел штаб құрылды. Оқиға орнында жергілікті әкімдіктер мен төтенше жағдайлар департаментінен бөлек, «Майқайың-алтын» кен орнының мамандары да жұмыс істеп жатыр. Құбырдың неден бұзылғаны анықталған жоқ.

– Аталмыш желімдер 1996 жылы салынған және бүгінгі таңда айтарлықтай тозығы жеткен. Бұл су құбырын 2024 жылы реконструкциялау жоспарланған. Конкурс өткізілді. «Алматы инжестрой» ЖШС мердігер ұйым ретінде анықталды. Жұмыстарды көктем-жаз кезеңінде бастау жоспарланған, – деді облыс әкімдігі баспасөз қызметінің маманы Жансерік Қапзолла.

Жөндеу жұмыстарына 30 қызметкер мен 10 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, Майқайың кентінің  тұрғындары судан ажыратылған жоқ. Дегенмен, қысым төмендеген.  

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында тағы бір алаяқ ұсталды