Американың Финикс қаласында күтіміне қарап жүрген дәрігер мүгедек науқасты зорлап, жүкті еткен. Тексеру нәтижесінде баланың әкесі анықталды, stan.kz.
ДНҚ сараптамасы баланың әкесі 36 жастағы Натан Сазерленд екенін анықтады. Ол 2011 жылы Hacienda Healthcare орталығында жұмыс істеді. Ол мүгедектер мен егде жастағы науқастарды, өзге науқастарды зорлады деп айыпталады.
Медициналық орталықтың екі маманы жұмыстан шықты. 7 қаңтар күні компанияның атқарушы директоры Билл Тиммонс қызметінен босатылды.
Орталықтағы науқас 29 желтоқсанда бала босанды. Қызметкерлер оның жүктілігін білмеген. Әйел жүріп-тұра алмайды, сөйлей алмайды. Оны зорлау арқылы жүкті еткен.
29 жастағы науқас үнемі күтімді қажет етті. Оның миы зақымданып, үш жылдан бері емделуде. Ол таныс адамдарын біледі. Бастапқыда оның 10 жыл комада жатқаны немесе вегетативті күйде болғаны айтылған.
Бұған дейін 10 жылдан аса комада жатқан әйелдің бала босанғанын жазған едік.