Алматы облысында 12 жастағы бала тоққа түсіп қайтыс болды
Қайғылы жағдай Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылында тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысында 2007 жылы туған бала тоққа түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қайғылы жағдай Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылында тіркелген.
«Баланы салбырап тұрған трансформатор сымынан шыққан тоқ соққан. Бала сол жерде тіл тартпай кеткен. Аталған материал полиция бөліміне тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.
Айта кетейік, кеше ғана Алматы облысының Жамбыл ауданының Еңбекшіарал ауылында бір отбасының 2 баласы тоққа түсіп көз жұмған болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
24.10.2026 14:36