Нұр-Сұлтанда ірі жол апаты болды
Almaty.tv
Көлік апатынан 2 адам зардап шекті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ел астанасында 20 жастағы көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, бірнеше автомобильді соғып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, Момышұлы даңғылымен Жұмабаев көшесіне бет алған жүргізуші қарсы бетке шығып, ондағы 2 көлікке соқтығысқан. Салдарынан 2 адам зардап шегіп отыр.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Kia мен Lada автокөліктерінің жүргізушілері ауруханаға жеткізілді. Аталмыш факт бойынша алдын-ала тергеу жүргізілуде. Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді», – деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шәуленова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37