Қазіргі таңда оларды қаладағы тәжірибелі хурургтар мен ревматологтар өз бақылауында ұстап отыр
АН-26 ұшағы апатынан аман қалған әскерилердің жағдайы ауыр. Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев азаматтарды әлі шокта деді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еске салайық, 13 наурыз Алматы маңында Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты әскери ұшақ қону кезінде апатқа ұшыраған еді. Бортта болған 6 адамның 4 қаза болған. Ал, аман қалған 2 әскеридің де бас сүйегі зақымданып, миы қатты шайқалған. Қазіргі таңда оларды қаладағы тәжірибелі хурургтар мен ревматологтар өз бақылауында ұстап отыр.
«Екі науқастың да жағдайы өте ауыр. Екеуі де шокта. 1990 жылғы азаматтың диагнозы аралас жарақат, бассүйек-мидың жабық жарақаты», – деді қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев.