Қарағандыдағы жарылыс: зардап шеккендер бар

12.03.2021 в 20:03

Қазір оқыс оқиғаның себеп-салдарын еңбек инспекциясы тексеріп жатыр

Almaty.tv

Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы 2- ші жылу электр орталығында болған апат салдарынан жарақат алған 1 жұмысшының жағдайы аса ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

50 жастағы шебердің денесінің 95 пайызын күйік шалған. Ал, екінші кеншінің денесі 25 пайыз күйіп қалған. 

Естеріңізге салайық, төтенше жағдай кеше кәсіпорынның механикалық цехында орын алды. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде бояу құйылған қазан жарылып, өртеніп кеткен. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Қазір оқыс оқиғаның себеп-салдарын еңбек инспекциясы тексеріп жатыр. 

«Бір зардап шегішу ауыр және терең күйік алған. Теміртау қаласының ауруханасындағы жансақтау бөлімінде жатыр. Жарақатының ауырлығына байланысты жолды көтере алмайтындықтан, Қарағандыға жеткізе алмадық. Сол жерге білікті мамандарды жібердік. Денесінің 25 пайызы күйген екінші науқасты Қарағандыға алып келдік», – деді Қарағанды облысы ДСБ ахуалдық орталық меңгерушісі Ерік Шонбаев.

«Қазақстан Республикасының еңбек нормаларына сәйкес, бас мемлекеттік Еңбек инспекциясының өкімімен комиссия тағайындалады. Арнайы тергеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін жазатайым оқиғаның себептері анықталып, қосымша хабарланады», – деді Қарағанды облысы еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз хатшысы Айзада Жұмабекова.